Италиядағы қазақстандық дерби: Куламбаева жұптық жарыстың жартылай финалына шықты


Жібек Қуламбаева Италияның Парма қаласында өтіп жатқан WTA Challenger сериясындағы турнирде сәтті өнер көрсетіп келеді. Жұптық сында 1/4 финалда қазақстандық теннисші италиялық Николь Фосса-Уэргомен тандем құрып, Анна Дәнилина (Қазақстан) мен Анджелика Морателлиден (Италия) құралған дуэтті жеңді.
Челленджер. Парма. Жұптық разряд. 1/4 финал
Жібек Қуламбаева (Қазақстан) / Николь Фосса-Уэрго (Италия) – Анна Дәнилина (Қазақстан) / Анджелика Морателли (Италия) – 2:0 (6:4, 6:4)
Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Осылайша, Қуламбаева жартылай финалға жолдама алып, турнирдің басты жүлдесі үшін күресін жалғастырады.
Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева неміс қарсыласын жеңіп, үшінші кезеңге шыққанымен, турнирден күтпеген жерден бас тартқан болатын.

