Италия – 2024 жылғы Дэвис кубогының жеңімпазы
24 қараша, жексенбі күні 2024 жылғы Дэвис кубогының жеңімпазы анықталды. Финалда Италия мен Нидерланд құрамалары өзара мықтыны анықтау үшін кортқа шықты. Итальяндық теннисшілер өз қарсыластарын еш мүмкіндік берместен 2:0 есебімен жеңіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.
Финалдың алғашқы кездесуінде Маттео Берреттини (ATP №35) Ботик Ван де Зандсхульпты (ATP №80) сенімді ойынымен 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Матч бар-жоғы 1 сағат 18 минутқа созылды. Ал екінші ойынға шыққан Янник Синнер (ATP №1) Талон Грикспорды (ATP №40) тартысты матчта 7:6 (7:2), 6:2 есебімен жеңді. Бұл кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.
Дэвис кубогы. Финал
Жекелей сын, бірінші ойын
Маттео Берреттини (Италия) – Ботик Ван де Зандсхульп (Нидерланд)
Есеп: 2:0 (6:4, 6:2)
Дэвис кубогы. Финал
Жекелей сын, екінші ойын
Янник Синнер (Италия) – Талон Грикспор (Нидерланд)
Есеп: 7:6 (7:2), 6:2
Осылайша, Италия құрамасы 2024 жылғы Дэвис кубогының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, Нидерланд құрамасы турнир тарихында алғаш рет финалға шыққанын ерекше атап өту керек.
Футбол
Бүгін 14:42
Футбол
Бүгін 13:47
Футбол
Бүгін 13:21