locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Григорий Ломакин Ташкенттегі ITF жартылай финалына шықты

Теннис 05 қыр 2024 09:30
Люба Рябинина
Люба Рябинина
sports24 сарапшы
Григорий Ломакин Ташкенттегі ITF жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин хард алаңында екінші ойынды сәтті өткізді. Ресейлік теннисші Петр Бар Бирюковпен жұпта Ломакин индиялық дуэт Дев Джавиа және Риша Реддиге қарсы өнер көосетті.

Тартысты үшсеттік кездесуде қазақстандық-ресейлік жұп 6:7, 6:4, 10:8 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 44 минут болды.

Ломакин және Бар Бирюков келесі ойынды 6 қыркүйек күні сағат 10:00-де британдық дуэт Джонс Адам және Саммерс Мэттьюға қарсы кездесу өткізеді.