Футболдан тенниске: Диего Форлан спортта жаңа қадамын бастады
Теннис
14 қара 2024 03:32
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty images
“Манчестер Юнайтед” пен мадридтік “Атлетико” клубтарының бұрынғы футболшысы Монтевидео (Уругвай) қаласында өткен Challenger турнирінде алғаш рет кәсіби матч өткізді. Жұптық сында ол Федерико Кориямен бірге өнер көрсетті, алайда Борис Ариас пен Федерико Себальосқа 1:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
Бұған дейін Форлан Лима (Перу) қаласында өткен MT-1000 санатындағы турнирде бақ сынап, ширек финалға дейін жеткен болатын. Алайда, бразилиялық Антонио Амаре да Силва Фильоға 3:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетерлігі, Диего Форлан 16 жасында теннисті тастап, өзінің барлық күш-жігерін футболға арнауға шешім қабылдады. Бұл таңдау оны әлемдік деңгейдегі әйгілі ойыншыға айналдырды.
Танымал жаңалықтар
ММА
Бүгін 14:44
Теннис
Бүгін 12:09