locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Франция астанасында Ролан Гаррос стадион кешені тоналды

Фото: официальный сайт Rolan Garros

Парижде "Ролан Гаррос" теннис кешеніне шабуыл жасалды, деп хабарлайды sports24.kz "Спорт Экспресс" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бейсенбіден жұмаға қараған түні болды, бірақ бұл туралы бірнеше күннен кейін ғана белгілі болды. Зиянкестер кешенге кіріп, бірнеше кеңселерді бұзды. Заң бұзушылар 11 мың еуроны қолма-қол ақшамен және 20 мың еуро сомасындағы зергерлік бұйымдарды ұрлады.

Франция теннис Федерациясы полицияның қазіргі уақытта тонау туралы тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, кешен аумағында жыл сайын "Үлкен дулыға" турнирлерінің бірі - Франция ашық чемпионаты өтеді.