Фаворитті жеңді. Скатов Испаниядағы челленджердін екінші кезеңіне өтті
Теннис
26 нау 2025 12:17

Богдан Писаренко

ФОТО: Instagram. Тимофей Скатов
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (№175 ATP) сазды кортта өтіп жатқан Жиронадағы (Испания) ATP челленджер турнирінің негізгі кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізді.
1/16 финалда 24 жастағы Скатов үшінші себет нөміріндегі 31 жастағы боливиялық Уго Дельенмен (№103 АТР) кездесіп, екі сетте 1 сағат 22 минутта жеңіске жетті.
ATP челленджер Жирона. Сазды корт. 1/16 финал
Тимофей Скатов (Қазақстан, Q) - Уго Дельен (Боливия, 3) - 6:1, 6:3
1/8 финалда Скатов 35 жастағы Молдова өкілі Раду Алботпен кездеседі (АТР N189).
Тимофей Скатов іріктеу арқылы турнирдің негізгі кезеңіне шықты, финалда ол екі сетте – 6:0, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, Израиль өкілі Даниэль Цукерманға еш мүмкіндік қалдырмады.
Танымал жаңалықтар


Басқа спорт түрлері
Бүгін 00:32
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек