locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Евсеев Оэйраш турнирінің 1/16 финалында Лукаш Клейнмен кездеседі

Теннис 21 қаң 2025 23:49
Арсен Алиев
Арсен Алиев
sports24 сарапшы
Евсеев Оэйраш турнирінің 1/16 финалында Лукаш Клейнмен кездеседі
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (ATP рейтингінде 249-орын) Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан турнирдің негізгі торына жолдама алды.

Іріктеу кезеңінде Евсеев екі қарсыласын жеңді: үндістандық Мукунд Сасикумарды (ATP 367-орын) және португалиялық Тиагу Перейраны (514). Енді 1/16 финалында қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 144-орынға ие словак Лукашь Клейнмен кездеседі. Матч 22 қаңтар күні сағат 15:00-де (Астана уақыты бойынша) өтеді.

Бұл кездесудің жеңімпазы келесі раундқа шығады және Валентен Ройе (209, Франция) мен Игнасио Бусе (236, Перу) жұбының мықтысымен ойнайды.

Айта кету керек, Евсеевтен бөлек, турнирдің негізгі торына тағы екі қазақстандық спортшы – Дмитрий Попко (120-орын) және Бейбіт Жұқаев (244-орын) шықты.

Попко Португалиядағы челленджер турнирінде рейтингі жоғары қарсыласын жеңіп, жарысты жеңіспен бастады

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie