locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Евсеев 22 орынға төменді: АТР рейтингіндегі қазақстандықтардың жағдайы

Евсеев 22 орынға төменді: АТР рейтингіндегі қазақстандықтардың жағдайы
ФОТО: olympic.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстан құрамасының өкілдері Александр Бублик (34-орын), Александр Шевченко (78), Михаил Кукушкин (112) және Дмитрий Попко (174) өз орындарын сақтап қалды.

Қазақстандықтар арасында ең үлкен төмендеу Денис Евсеевтің (234) көрсеткішінде байқалды, ол рейтингте 22 сатыға төмендеді. 31 жастағы теннисші Испанияның Монтемар қаласында өткен “Челленджер” турнирінің ширек финалына дейін жетіп, итальяндық Фабио Фоньиниге жол берді.
Екі орынға Тимофей Скатов (194), үш орынға Бейбіт Жұқаев (241), төрт орынға Григорий Ломакин (870) төмендеді.

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы болып италиялық Янник Синнер қалды. Үздік үштікке неміс Александр Зверев пен испандық Карлос Алькарас кірді.

Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі позицияларын нығайтып келеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie