Елена Рыбакинаны турнирден ұшырған теннисші Australian Open-2025 жартылай финалға шықты


Аустралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2025 турнирінде әйелдер арасындағы жекелей сында әлемнің 14-ші ракеткасы, америкалық Мэдисон Киз бен әлемдік рейтингтің 27-ші сатысындағы украиналық Элина Свитолина арасында ширек финалдық матч аяқталды. Кездесу үш сетте Мэдисон Киздің жеңісімен аяқталды.
Australian Open, 1/4 финал
Мэдисон Киз (АҚШ) — Элина Свитолина (Украина) — 3:6, 6:3, 6:4.
Матч ұзақтығы 1 сағат 54 минутты құрады. Мэдисон Киз алты эйс жасап, төрт қос қате жіберді және тоғыз брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Ал Элина Свитолина үш эйс орындап, бір қос қате жіберді және екі брейк-пойнттың біреуін жүзеге асырды.
Australian Open-2025 жартылай финалында Мэдисон Киз әлемнің 8-ші ракеткасы, америкалық Эмма Наварро мен рейтингте 2-ші орында тұрған польшалық Ига Швёнтек арасындағы ширек финал матчындағы жеңімпазбен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі кезеңде Мэдисон Киз Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны сенсациялық түрде жеңген болатын.

Футбол
Бүгін 15:45

Футбол
Бүгін 15:45