Елена Рыбакина WTA жаңартылған рейтингінде өз орнын жоғалтып алды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жаңартылған WTA рейтингінде бір саты төмендейді.
WTA-ның Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен қорытынды турниріне дейін Рыбакина жекелей сында әлемнің бесінші ракеткасы болған еді. Алайда турнир аяқталғаннан кейін ол алтыншы орынға түсіп қалды. Бұл өзгеріс қытайлық теннисші Чжэн Циньвэньнің финалға шығуына байланысты орын алды. Нәтижесінде, Чжэн жетінші орыннан бесінші орынға көтерілді.
Жыл қорытындысы бойынша WTA рейтингінің үздік ондығы:
1. Арина Соболенко (Беларусь) — 9416 ұпай
2. Ига Швентек (Польша) — 8370 ұпай
3. Кори Гауфф (АҚШ) — 6530 ұпай
4. Жасмин Паолини (Италия) — 5344 ұпай
5. Чжэн Циньвэнь (Қытай) — 5340 ұпай
6. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 5171 ұпай
7. Джессика Пегула (АҚШ) — 4705 ұпай
8. Эмма Наварро (АҚШ) — 3589 ұпай
9. Дарья Касаткина (Ресей) — 3368 ұпай
10. Барбора Крейчикова (Чехия) — 3214 ұпай.
Еске салсақ, Елена Рыбакина WTA-ның қорытынды турнирінің плей-офф кезеңіне өте алмады. Ол Соболенконы жеңгенімен, итальяндық Жасмин Паолиниге (4-орын) 6:7, 4:6 есебімен, ал қытайлық Чжэн Циньвэньге (5-орын) 6:7, 6:3, 1:6 есебімен жол берді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20