Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің алдында Роналду ойынын тамашалады
Теннис
02 қара 2024 04:41
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: IG Азуза Симчича
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина сіңілісі Анна және жаттығу бойынша бапкері Азуз Симчичпен бірге Сауд Арабиясы чемпионаты аясында өткен “Әл-Наср” мен “Әл-Хиләл” арасындағы футбол матчына барды. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Криштиану Роналду, Садио Мане және Жоау Канселу сияқты жұлдыздар қатысқан бұл матч Эр-Рияд қаласында өтті, дәл осы жерде 2 қарашада WTA қорытынды турнирі басталады.
Турнирде әлемнің бесінші ракеткасы Рыбакина Фиолет топта Беларусь теннисшісі Арина Соболенко, италиялық Жасмин Паолини және қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі.
Рыбакина жарысты Паолинимен матчтан бастайды, ол 2 қараша, сенбі күні, Қазақстан уақытымен 21:30-да өтеді.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20