locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Елена Рыбакина төмендеуде: қазақстандық теннисші WTA live-рейтингінде позициясын жоғалтты

Теннис 20 нау 2025 18:31
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Елена Рыбакина төмендеуде: қазақстандық теннисші WTA live-рейтингінде позициясын жоғалтты
ФОТО: Getty images

Әлемдегі ең мықты теннисшілердің бірі, 2022 жылғы Уимблдон чемпионы және әлемнің сегізінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA-1000 Майами турнирінен кейін әлемдік рейтингтің үздік ондығынан шығып қалу қаупінде тұр.

Қазақстандық теннисші өткен жылғы Майами финалы үшін жинаған 640 ұпайын қорғай алмады. Ол турнирдің екінші айналымында 20 жастағы америкалық Эшлин Крюгерге (6:4, 2:6, 6:4) күтпеген жерден жол берді. Бұл жеңіліс оның WTA-ның тікелей рейтингінде тоғызыншы орынға түсуіне себеп болды.

Майами турнирі әлі жалғасып жатыр, сондықтан Елена тағы бірнеше позициядан айырылуы ықтимал. Егер төмендегі ойыншылар сәтті өнер көрсетсе, Рыбакинаны бірден бес теннисші басып оза алады: Эмма Наварро (АҚШ); Паула Бадоса (Испания); Дарья Касаткина (Ресей); Диана Шнайдер (Ресей); Каролина Мухова (Чехия).

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie