Елена Рыбакина Страсбургте 87 мың еуро табыс тапты - енді бас жүлде үшін таласады
Теннис
23 мам 2025 23:50

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан беделді WTA 500 санатындағы турнирдің финалына шықты.
Жартылай финалда Рыбакина Бразилия өкілі Беатрис Хаддад Майямен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 7:6, 1:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл жеңісінің арқасында Елена 87 825 еуро көлемінде сыйақыға ие болып, WTA рейтингінде 325 ұпай жинады. Егер ол финалда жеңіске жетсе, 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпай иеленеді.
Турнирдің шешуші матчында Рыбакина ресейлік теннисші Людмила Самсоновамен кортқа шығады.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 14:38


Футбол
Бүгін 13:52
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек