locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Елена Рыбакина «Ролан Гарростан» кейін Лондонда өтетін турнирге қатысады

Теннис 13 мам 2025 15:59
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Елена Рыбакина «Ролан Гарростан» кейін Лондонда өтетін турнирге қатысады
ФОТО: Getty images

Қазақстанның ең үздік теннисшілерінің бірі Елена Рыбакина 9–15 маусым аралығында Лондонда өтетін WTA 500 санатындағы шөп жамылғыдағы турнирге қатысатынын ресми түрде растады. Бұл жарыс Уимблдон турниріне дайындық аясында өтеді және «Ролан Гаррос» аяқталғаннан кейін екі күннен соң басталады.

Британ астанасындағы жарыстың қатысушылар тізімінде Рыбакина алтыншы нөмірмен тіркелді. Одан жоғары орындарда Джессика Пегула (WTA №4), Мэдисон Киз (№6), Чжэн Циньвэнь (№8), Эмма Наварро (№9) және Диана Шнайдер (№11) орналасқан.

Қазіргі таңда Елена WTA рейтингінде 12-орында тұр. Айта кетейік, ол «Ролан Гаррос»-2025 турниріне де қатысады. Өткен маусымда Рыбакина Парижде ширек финалға дейін жетіп, тартысты үш сетке созылған матчта Жасмин Паолиниге жол берген еді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie