Елена Рыбакина әріптестерінің бастамасын қолдамады: себебі неде?


Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің жетекші ATP және WTA ойыншыларының ірі турнирлердегі жағдайды жақсартуға бағытталған бастамасын қолдамады7
Бұл ұжымдық үндеуге Новак Джокович, Янник Синнер, Арина Соболенко және басқа да танымал спортшылар қол қойды. Олар «Үлкен дулыға» турнирлерінің жүлде қорын арттыруды және спортшылардың өз әл-ауқатына қатысты маңызды шешімдерді қабылдаудағы ықпалын күшейтуді талап етті. Жалпы алғанда, хатты ATP және WTA-ның 20 үздік өкілі қолдады.
Алайда, Apnews басылымының мәліметінше, Рыбакина бұл үндеуге қол қоймаған жалғыз үздік теннисші болды. Бұл шешімнің себептері әлі белгісіз. Спортшы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Майамидегі турнирдегі сәтсіздіктен кейін Рыбакина WTA рейтингісінің үздік ондығынан шығып қалды. Қазіргі уақытта ол жалпы есепте 10-орында және осы маусымның чемпиондық жарысында жетінші орында тұр. Оның алдағы маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстан құрамасы Аустралия және Колумбиямен кездесетін Билли Джин Кинг кубогындағы матчқа қатысу болмақ.
