Елена РЫБАКИНА: “Мен және дәрігерлерім үшін, қазір менің денсаулығым маңыздырақ”
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдағы Бейжің WTA 1000 турнирінен неге бас тартқаны туралы айтып берді.
"Арқа жарақатының жазылмауына байланысты мен, өкінішке орай, Азия турнирлерінен бас тарттым. Мен кортқа ораламын деп жатқанда, дәрігерім екеуміз қазір пеніғ денсаулығым маңыздырақ деп шештік. Жыл қиын болды, мен турнир ұйымдастырушылары мен барлық жанкүйерлерімнің қолдауына ризамын. Менің командам екеуміз маусымның финалына дейін кортқа оралуға тырысамыз",-деп келтіреді Рыбакинаның сөзін WTA баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина биылғы жылы турнирлерден, соның ішінде Олимпиада ойындарынан және US Open 2024 ашық чемпионатынан бас тартты, жанкүйерлер оны "турнирлерден бас тарту ханшайымы" деп атап кетті.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52