locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Елена Рыбакина Мадрид турниріндегі алғашқы қарсыласын білді

Теннис 24 сәу 2025 12:42
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Елена Рыбакина Мадрид турниріндегі алғашқы қарсыласын білді
ФОТО: Getty images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Мадрид турниріндегі жарыс жолын екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы - канадалық Бьянка Андрееску.

Андрееску іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, алғашқы айналымда америкалық Маккартни Кесслерді 2:1 есебімен жеңді. Бұл - канадалық теннисшінің өткен жылдан бергі алғашқы жеңісі.

Рыбакина мен Андрееску арасындағы кездесу жұма күні, 25 сәуірде өтеді. Бұл екі спортшының тарихтағы үшінші бетпе-бет ойыны болмақ. Бұған дейін, 2023 жылы Абу-Дабиде өткен турнирдің жартылай финалында Елена Бьянканы тізе бүктірген еді.

Өткен маусымда Рыбакина Мадрид турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, Арина Соболенкоға жол берген болатын. 21 сәуірде жарияланған жаңартылған WTA рейтингінде қазақстандық теннисші 11-орында тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie