locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Елена Рыбакина қызметінен шеттетілген Вуковпен жаттығу жасауда

Теннис 05 сәу 2025 00:05
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Елена Рыбакина қызметінен шеттетілген Вуковпен жаттығу жасауда
ФОТО: IG Stefan Duell

Қазақстандық теннисші, Уимблдон-2022 чемпионы және әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияда өтетін Кубок Билли Джин Кинг турниріне қарқынды дайындалып жатыр. Жуырда ол әлеуметтік желідегі парақшасына дайындық барысынан сурет жариялап, жанкүйерлерін қуантты.

Фотосуретте Рыбакинаның команда мүшелері де бар, соның ішінде оның бұрынғы және қазіргі жаттықтырушысы Стефано Вуков та бай0алды.2024 жылы Елена хорват маманмен жұмысын тоқтатып, WTA маусымдық қорытынды турниріне дейін жаттықтырушысыз жүрді. Кейіннен ол Горан Иванишевичпен қысқа мерзімді серіктестік орнатып, биылғы жылдың қаңтарында Вуковты қайта шақырды. Алайда Вуков WTA тарапынан этика кодексін бұзғаны үшін жұмыстан уақытша шеттетілген болатын.

Қаңтардың соңында Рыбакина Иванишевичпен де қош айтысып, енді италиялық маман Давиде Сангинеттимен жұмыс істей бастады.

Кубок Билли Джин Кинг турнирі 10-11 сәуір күндері Брисбен қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Аустралия және Колумбия құрамаларымен кездеседі.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің жетекші ATP және WTA ойыншыларының ірі турнирлердегі жағдайды жақсартуға бағытталған бастамасын қолдамады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie