Елена Рыбакина Эр – Риядта өтетін турнирге дайындығын жалғастыруда
Теннис
31 қаз 2024 01:33
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта өтетін қорытынды турнирдің алдында Арина Соболенкомен ашық жаттығу өткізді
Қазақстандық теннисші 2-қарашада өтетін Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турниріне қатысады. Оған маусым нәтижелері бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисшісі қатысады.
Елена Рыбакина күлгін топ сапында өнер көрсетеді. Оның қарсыластары Арина Соболенко (WTA-1), Жасмин Паолини (WTA-4) және Чжан Цинвэнь (WTA-7) болмақ.
Қызыл сары топқа Ига Швентек ((WTA-2), Кори Гауфф (WTA-3), Джессика Пегула (WTA-6) және Барбора Крейчикова (WTA-13) сынды теннисшілер енді.
Рыбакина 2 қарашада Паолиниге қарсы алғашқы матчын өткізеді.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52