Елена Рыбакина болашаққа қатысты жоспарларымен бөлісті


Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін немен айналысқысы келетіні жайлы ой бөлісті.
Ол бапкерлік жұмысқа қызығушылығы барын жасырмады, алайда дәстүрлі формат өзіне жақын емес екенін атап өтті.
«Ойыншымен бірге үнемі сапарға шығатын бапкер ретінде өзімді елестете алмаймын. Бірақ жасөспірімдермен, кәсіби теннисшілермен немесе тіпті балалармен жұмыс істеу қызықты болар еді. Болашақта нақты немен айналысатынымды айту қиын»,- деді Елена Tennis Insider Club YouTube-арнасына берген сұқбатында.
Қазір Рыбакина негізгі назарын Билли Джин Кинг кубогындағы матчтарға аударды. 10–11 сәуір күндері Брисбенде Қазақстан құрамасы Аустралия және Колумбия командаларына қарсы шешуші ойындарын өткізеді. Бұл кездесулер финалдық кезеңге жолдама үшін маңызды болмақ.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19