locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Джокович US Open-дегі жеңістер бойынша Федерерге жетті

Джокович US Open-дегі жеңістер бойынша Федерерге жетті

Әлемнің екінші ракеткасы Новак Джокович US Open-де жеке жеңістер бойынша рекорд орнатты. Ойыншы Роджер Ферермен теңесті.

US Open-2024 турниріндегі жеңіс теннисшінің мансабындағы 89-шы болды. Бұл көрсеткіш арқылы серб кездесуде 89 рет жеңген аңыз Федерермен теңесті. Новак және Роджер тізімде екінші орынды бөліп тұр, ал бірінші орында еншісінде 98 жеңіс бар Джимми Коннорс орналасқан.

Естеріңізге сала кетсек, Новак өткен жылғы US Open турнирінің жеңімпазы. Оның еншісінде АҚШ ашық кубогінің төрт кубогі.

US Open турнирінің 1/32 финалында Джокович Ласло Дьеремен кездеседі. Ойын 28 тамызға жоспарланған.