Джокович: "Мансабымды аяқтаған кезде де теннисте қаламын"
Сербиялық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Новак Джокович кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін де теннистен кетпейтінін мәлімдеді.
“Мен бұл спорт түрінің алдында ешқашан бас июімді тоқтатпаймын. Кортта әлі күнге дейін көптеген эмоциялар сезінемін, тек жарыстарда ғана емес, жаттығуларда да. Қандай жағдай болмасын, тенниспен байланысым терең. Мен бұл спортты бала кезімде ұнаттым және әлі күнге дейін жақсы көремін. Тіпті мансабымды аяқтаған кезде де теннисте қаламын, өйткені бұл спорттың алдында өзімді қарыздар сезінемін”, — деп Джоковичтің сөзін Punto de Break келтірді.
37 жастағы серб биылғы жазда 2024 жылғы Олимпиада ойындарының финалында испандық Карлос Алькарасқа қарсы жеңіске жетіп, Олимпиадада жекелей сында турнир ұтқан ең жасы үлкен теннисші атанды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52