locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Доминик Тим кәсіби мансабын аяқтады: оның соңғы матчы туған жерінде өтті

ФОТО:  Getty_images
Доминик Тим кәсіби мансабын аяқтады: оның соңғы матчы туған жерінде өтті

2020 жылғы US Open чемпионы, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, аустриялық теннисші Доминик Тим кәсіби мансабын аяқтады.

Тим соңғы матчын Венадағы (Аустрия) ATP-500 санатындағы турнирде өткізді. Бірінші айналымға ол wild card арқылы қатысып, әлемнің 42-ракеткасы, 22 жастағы итальяндық Лучано Дардериге 6:7 (6:8), 2:6 есебімен есе жіберді.

Қыркүйек айының басында Тим 31 жасқа толды. Өз мансабында Доминик ATP деңгейіндегі 17 титулды жеңіп алды, оның соңғысы US Open турниріндегі жеңісі болды. Сондай-ақ Тим үш рет “Үлкен дулыға” турнирлерінің финалына шықты (“Ролан Гаррос” — 2018 және 2019, Australian Open — 2020) және екі рет ATP қорытынды турнирінің финалисі болды (2019, 2020).

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie