locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Дмитрий Попко Челленджердің бірінші айналымында жеңіліп қалды

ФОТО:  KFT

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (әлемдік рейтингте 175-ші орында ) , АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатындағы Су-Фолс қаласында өткен Челленджер турнирінің бірінші айналымында өнер көрсетті.

Қайсарлықпен өткен матчта Попко америкалық Стефан Козловқа (әлемнің 350-ші ракеткасы) 7:6, 4:6, 6:4 есебімен жол берді.

Келесі айналымда Козлов Мерфи Кассон (АҚШ) – Антуан Гибодо (Франция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, 2011 жылы 15 жасында Попоко ресейлік спорттық азаматтығын қазақстандыққа ауыстырды . Бұл қадамды теннисші Юлия Путинцева, Александр Бублик және Елена Рыбакинадан бұрын жасады.

Александр Бублик (ATP №32) Швейцарияның Базель қаласында өткен хардтағы АТР 500 санатындағы турнирде жұптық сайысты сәтсіз бастағанын да хабарлаған болатынбыз.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie