locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дэвис Кубогы ескі форматға қайта оралуы мүмкін

Дэвис кубогы 2019 жылға дейінгі форматына қайта оралуы мүмкін. Өзгерістер топтық кезеңге әсер етеді, сонымен қатар финалдық турнир өтетін орынды ауыстыру жоспарлануда.

The Times басылымының хабарлауынша, 16 командалық топтық кезең сегіз халықаралық матчпен ауыстырылады, әр команда өз алаңында қарсыластарын қабылдайды.

Турнирдің финалы Қытайдың Чжухай қаласында өтуі мүмкін. Қытаймен келісім ITF-ке “ондаған миллион фунт стерлинг” пайда әкелуі керек, бұл ойыншылардың жалақысын арттыруға көмектеседі.

Бұған дейін Австралия құрамасының капитаны Дэвис кубогының қазіргі форматына көңілі толмайтынын айтқан болатын.