locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Данилина Гвадалахара турнирінің жартылай финалына жолдама алған

Данилина Гвадалахара турнирінің жартылай финалына жолдама алған

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Гвадалахарада (Мексика) өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында екінші айналымынан сүрінбей өтті.

Ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Катаржина Питер (Польша) мен Фанни Штоллар жұбын 2:0 (6:3, 6:4) есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.

Данилина мен оның жұбы турнирді алғашқы айналымнан бастады. Олар бірінші кездесуде америкалық Кэйла Дэй мен канадалық Рэбекка Марино жұбын жеңген болатын.

Сондай-ақ біз Жібек Құламбаеваның Доминикан жерінде өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастағанын жазған едік.