locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Чемпионға тең келмеді. Бублик Франциядағы турнирдегі өнерін аяқтады

Чемпионға тең келмеді. Бублик Франциядағы турнирдегі өнерін аяқтады
ФОТО: Getty Images. Александр Бублик

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (АТР №49) Марсельде (Франция) өтіп жатқан АТР 250 санатындағы турнирдегі жарыс жолын аяқтады.

2-раундта ол жергілікті спортшы, әлемнің 17-ракеткасы және бұл турнирдің қазіргі чемпионы Уго Умбермен (№2 іріктеу нөмірі) кездесті. 1 сағат 35 минутқа созылған матчта Умбер Бубликті екі сетте жеңді.

ATP 250 Марсель. Жабық хард. 1/16 финал

Александр Бублик (Қазақстан) — Уго Умбер (Франция, 2) — 6:7 (7:9), 4:6

Бірінші сеттің тай-брейгінде Бублик доп беру кезінде 4 ұпай жоғалтты, ал қарсыласын брейкке тек үш рет түсіре алды. Екінші партия тартысты өтті. Алайда шешуші – 10-геймде Умбер қарқынын үдетіп, үшінші матчболынан кейін жеңісті жұлып әкетті.

Айта кетейік, Марсельдегі алғашқы матчында Александр Бублик әлемнің бұрынғы жетінші ракеткасы Ришар Гаскені жеңген еді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie