locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик US Open турнирінің бірінші кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды

Бублик US Open турнирінің бірінші кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды

26 тамыз күні US Open турнирі басталды. Қазақстан атынан ерлер арасындағы жекелей сында Александр Бублик, Александр Шевченко және Тимофей Скатов өнер көрсетеді.

1/64 финалда қазақстандық теннисші Александр Бублик бес сетке созылған кездесуде қытайлық қарсыласы Цзюньчэн Шанға есе жіберді. Қытайлықтың келесі қарсыласы Ян Чоински (Ұлыбритания) – Роберто Карбалес (Испания) арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.

Александр Бублик (Қазақстан) [27] – Цзюньчэн Шан (Қытай) [72] – 4:6, 6:3, 7:5, 3:6, 4:6

Спортшылар кортта жалпы 3 сағат 37 минут өткізді.

Бірінші сетте жеңілген Бублик келесі екі сетте жақсы өнер көрсетіп, нәтижені өз пайдасына шешті. Қытайлық Шан үшінші сеттің тоғызыншы ойынында медициналық тайм-аут алды. Қысқа үзіліс қытайлықтың пайдасына жарады. Шан төртінші сетте Бубликтің қателігін пайдаланып, алдыға шығып кетті. Финалдық сетте Александр көп қателесті, сондықтан ол ойынды қарсыласына берді.

Теннисшілер арасындағы кездесу олардың қарсыласу тарихындағы екінші матчы болып тіркелді. Бірінші матчта Александр қытайлықты екі сетте сенімді түрде жеңді.