locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Бублик Галледегі ең көп жеңіске жеткен теннисшілер үштігіне енді

Қазақстандық теннисші Томми Хааспен теңесіп, енді тек Кафельников пен Федерерге жол береді
Теннис 23 мау 2025 08:37
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images

22 маусым күні Александр Бублик Галледегі ATP-500 турнирінің финалында ресейлік Даниил Медведевті екі сетте жеңіп, мансабында екінші рет бұл жарыстың чемпионы атанды — 6:3, 7:6 (7:4).

Әлемдік рейтингте 9-орында тұрған Медведевті жеңу арқылы Бублик бұл турнирде екінші титулын жеңіп алды. Осылайша ол бұрынғы әлемнің екінші ракеткасы неміс Томми Хааспен теңесті.
Турнир тарихында ең көп жеңіске жеткен — Роджер Федерер (10 титул). Одан кейін Евгений Кафельников (3 титул), ал үшінші орында Бублик пен Хаас тұр (әрқайсысында 2 титулдан), деп жазады Championat.com.

Бұл жетістік Бубликтің шөп корттағы шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, Галледегі ең табысты ойыншылар қатарына қосылды.

Бубликтің Қазақстанға ауысу тарихы: Польский шындықтың шетін ашты.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie