Бублик алдағы маусымға қойған жоспарларымен бөлісті: Аделаида, Australian Open және Дэвис Кубогы
Теннис
02 жел 2024 04:04
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty images
Қазақстандық теннисші Александр Бублик келесі жылға қойған басты мақсаты – жарақатсыз толық маусым өткізу екенін мәлімдеді.
– Келесі маусымды қай турнирлерден бастайсыз? Қандай мақсаттар бар?
“Алғашқы үш айға нақты жоспар бар. Әуелі Аделаидада өтетін ATP 250 турниріне қатысамын, одан кейін Australian Open және Дэвис Кубогы. Менің мақсатым – маусымды жарақатсыз өткізу. Егер денсаулығым жақсы болса, нәтиже көрсетемін”, – деді Бублик.
Айта кетейік, 1 желтоқсан, жексенбі күні Бублик Санкт-Петербургте өткен “Солтүстік Пальмира Трофейлері” атты көрме турнирінде ресейлік Карен Хачановқа есе жіберді. Матч 4:4, 4:4, 2:6 есебімен аяқталды.
Александр Бублик Черчесовтың кім екенін білмейтінін мойындады.
Танымал жаңалықтар