Бейбіт Жұқаев US Open-2024 турнирінде сенсация жасады
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев US Open-2024 турнирінің іріктеу кезеңінің ширек финалынан сәтті өтті. 20-тамыз, сейсенбі күні Бейбіт Жұқаев шейцариялық теннисші Марк-Андреа Хуслермен кездесіп, екі сетте 7:6.6:4 есебімен жеңіске жетті. Жұқаев 11 эйс жасап, 3 қателік жіберді. Қазақстандық теннисші Бейбіт қатарынан 5 ұпай және 3 гейм жеңіп алды.
Матч 1 сағат, 36 минутқа созылды. Бейбіт Жұқаев АТР рейтингінде 218-орында, ал швейцариялық Марк-Андреа Хуслер 165-ші орында тұр.
Іріктеу кезеңінің келесі кезеңінде қазақстандық қос теннисші бір-біріне қарсы матч өткізуі мүмкін. Жұқаевтің қарсыласы Тимофей Скатов(Қазақстан) - Факунда Банбис (Аргентина) арасындағы кездесуде анықталады.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20