locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Басымдықты ұлттық құрамаға берді: Елена Рыбакина Штутгарттағы чемпиондық атағын қорғаудан бас тартты

Теннис 19 нау 2025 06:34
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Басымдықты ұлттық құрамаға берді: Елена Рыбакина Штутгарттағы чемпиондық атағын қорғаудан бас тартты
ФОТО: KTF

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы Штутгарттағы турнирге қатыспайды. 12-21 сәуір аралығында өтетін жарыстың жарияланған қатысушылар тізімінде Рыбакинаның есімі жоқ.

Бұл шешім жарыстардың тығыз кестесімен байланысты. 10-11 сәуірде Елена Қазақстан құрамасының намысын Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде қорғайды. Турнир Аустралияның Брисбен қаласында өтеді, ал қарсыластар Аустралия және Колумбия құрамалары болмақ.

Алайда, Штутгарттағы турнирден бас тарту оның рейтингіне кері әсер етеді – Рыбакина өткен жылы осы жарыста жеңіске жетіп, еншілеген 500 рейтингтік ұпайынан айырылады. 2024 жылғы турнирде ол жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті, ал финалда украиналық Марта Костюкты жеңіп, атақты Porsche көлігімен марапатталған болатын.

Қазір Елена АҚШ-тағы WTA 1000 санатындағы Майами турнирінде өнер көрсетуде. Жарыстың екінші айналымында ол америкалық Эшли Крюгермен кездеседі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie