Басымдылық көрсеткенімен, артықшылығын іске асыра алмады. Бублик Мюнхен турнирінің алғашқы айналымында жеңілді


Қазақстандық теннисші Александр Бублик (АТР рейтингінде №78) Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан топырақ жабындысындағы АТР турнирінің бірінші айналымында жеңіліске ұшырады.
1/16 финалда 27 жастағы Бублик 25 жастағы бельгиялық Зизу Бергспен (АТР №50) кездесті. Тартысты матч 2 сағат 23 минутқа созылып, үш сеттің қорытындысы бойынша Бублик қарсыласына жол берді.
АТР Мюнхен. Топырақ. 1/16 финал
Зизу Бергс (Бельгия) — Александр Бублик (Қазақстан) — 6:7 (5:7), 6:4, 7:5
Бірінші сетте тай-брейк кезінде Бублик 2:5 есебімен ұтылып жатқанымен, қатарынан бес ұпай алып, партияны өз пайдасына шешті. Екінші сетте ол бесінші және тоғызыншы геймде өз соққысын дұрыс орындай алмай, Бергс есепті теңестірді. Ал шешуші үшінші сетте 5:5 есебінде Бублик брейк жіберіп алды, ал бельгиялық теннисші келесі геймде өз соққысын іске асырып, матчты аяқтады.
Айта кетейік, Қазақстан атынан Михаил Кукушкин Португалиядағы турнирде жеңіспен бастады.