Қазақстанның бірінші ракеткасының жарақаты белгілі болды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның жарақаты белгілі болды. Осы жарақатқа байланысты теннисші Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен WTA 500 турниріне қатысп алмады, деп хабарлайды WTA баспасөз қызметі.
Рыбакинаның бел жарақатын алғаны хабарланды. Қазақстандық спортшы Джессика Пегула, Каролина Плишкова және Эмма Наварродан кейін Кореядағы турнирден шығып кеткен төртінші теннисші болды. Олардың орнына Чжан Шуай, Виктория Томова, Аманда Анисимова, Слоан Стивенс және Эмма Радукану шақырту алды.
Айта кетейік, бұл Елена Рыбакинаның биылғы маусымда турнирден бас тартқан алғашқы жағдайы болмады. Бұған дейін ол Олимпиада ойындары мен 2024 жылғы US Open турнирінен да шығып қалған болатын. Осы себепті жанкүйерлер оны «турнирлерден бас тартудың ханшайымы» деп атап кетті.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52