Қазақстанның бірінші ракеткасы Брисбендегі турнирге қатыспайды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбенде (Австралия) өтетін турнирде чемпиондық титулын қорғай алмайды, деп хабарлайды Sport+.
29 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Австралияның Брисбен қаласында WTA-500 санатындағы турнир өтеді. Ұйымдастырушылар қатысушылар тізімін жариялады. Турнирге қатысатын теннисшілер арасында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева да бар. Сондай-ақ, әлемнің үздік теннисшілері, соның ішінде әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко, №7 Джессика Пегула, №8 Эмма Наварро және №9 Дарья Касаткина сынды ТОП-10 ойыншылары да қатысады.
Елена Рыбакина өткен жылы Брисбенде финалда Арина Соболенконы 6:0, 6:3 есебімен жеңіп, чемпион атанған болатын. Алайда биыл ол титулын қорғауға қатыспайды. Оның орнына Рыбакина дәл сол уақытта өтетін United Cup турнирінде командалар арасында өнер көрсетеді. Бұл оның өткен жылғы Брисбендегі жеңісінен алған ұпайларын жоғалтуына әкеп соғады.
Құламбаева Дубайда өткен ITF турнирінде жұптық жарыста ширек финалға шықты.