Қазақстанның бірінші ракеткасы АТР-250 жүлдесіне көңілі толмайтынын мәлімдеді
Қазақстанның бірінші ракеткасы және әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик ATP-250 санатындағы турнирлердегі жүлде қорының аздығын сынға алды. Спортшының айтуынша, мұндай жарыстарға қатысу шығындары жеңімпазға берілген сыйақыдан асып түседі.
“ATP-250 турнирінде жеңіске жетіп, $50 мың алу — бұл өте аз. Бұл ақша команда мен сапар шығындарын да өтемейді. Егер сіз қосымша ұпай жинауды көздемесеңіз, мұндай турнирлерде немесе челленджерлерде ойнаудың мағынасы жоқ”, — деп келтіреді Бубликтің сөзін We Love Tennis басылымы.
Айта кетейік, бұған дейін Александр Бублик Лондонда өткен Ultimate Tennis Showdown Grand Final көрме турниріне қатысқан еді. Алайда, ол қатарынан үш матчта жеңіліп, топтық кезеңнен шыға алмады.
Александр Бублик Аделаидада өтетін ATP 250 турниріне қатысады.
Футзал
Бүгін 03:08
Футбол
Бүгін 02:31
Футбол
Бүгін 02:12