Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик көрме турнирінде жеңіске жетті
Теннис
30 қара 2024 13:40
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (№34 ATP) “Трофеи Северной Пальмиры” көрме турнирінде австралиялық Танаси Коккинакиспен (№ 77 ATP) жұптасып, ресейлік Карен Хачанов (№ 19 ATP) мен испандық Роберто Баутиста-Агут (№46 ATP) дуэтінен 12:9 (3:3, 5:2, 4:4) есебімен басым түсті.
Турнирде “Арыстандар” және “Сфинкстер” екі командасы күш сынасады. Қазақстандық теннисші “Сфинкстер” командасының намысын қорғайды. Бұл матчтан кейінгі жалпы есеп - 62:62.
Естеріңізге сала кетейік, Бублик көрме турнирін Роберто Баутиста-Агуттан жеңіліспен бастаған. Қазақстандық теннисші испаниялықтан 2:5, 6:2, 2:4 есебімен жеңіліп қалды.
Танымал жаңалықтар
Хоккей
Бүгін 11:39