locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандықтар US Open 2024 турниріндегі қарсыластары белгілі болды

Қазақстандықтар US Open 2024 турниріндегі қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық теннисшілер US Open 2024 Үлкен дулыға турнирінің іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсыластары белгілі болды.

Жеребе қорытындысы төмендегідей:

Михаил Кукушкин – Марко Трунгельити (Аргентина)

Денис Евсеев – Альваро Хильен (Эквадор)

Дмитрий Попко – Тиаго Тиранте (Аргентина)

Тимофей Скатов – Факундо Багнис (Аргентина)

Бейбіт Жұқаев – Марк-Андреа Хюслер (Швейцария)

Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде бір отандасымыз ғана бақ сынайды:

Зарина Дияс – Ма Есинь (Китай)

US Open 2024 турнирінің іріктеу кезеңі бүгін, 19 тамызда, Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады.