Қазақстандық жасөспірімдер төрт дүркін чемпиондарды жеңіп, ширек финалға шықты
Антальяда Juniors Davis Cup турнирінің топтық кезеңі аяқталды, “В” тобындағы соңғы ойында Қазақстан құрамасы Францияның төрт дүркін жеңімпазы атанған командасын (1992, 1993, 1996, 2005 жылдары) ерлікпен жеңіп шықты.
Қазақстан құрамасының капитаны Сергей Квак құрамға өзгеріс енгізіп, алғашқы кездесуге Даниэль Тазабековты шығарды. Тартысты өткен матчта Тазабеков қарсыласы Даниэль Жадқа 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.
Кейін кортқа командалардың көшбасшылары – Занғар Нұрланұлы мен әлемдік юниорлар рейтингінде 52-орында тұрған Муаз Куаме шықты. Көпшілік күткендей, ойын өте қызықты өтті. Бірінші сетте француз 6:2 есебімен жеңіске жеткенімен, кейінгі екі партияда Занғар толық үстемдік көрсетіп, 6:3, 6:1 есебімен жеңді.
Шешуші жұптық кездесуде Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков Даниэль Жад/Фердинан Ливе Новкиришка жұбын небәрі бір сағатқа жетпейтін уақытта 6:0, 6:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңді үш жеңіспен аяқтап, бірінші орын алып, Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52
Басқа спорт түрлері
Бүгін 08:27