Қазақстандық теннисшілердің жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-ның іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды


Қазақстандық теннисшілер 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтады
Кучинге (Малайзия) Азия/Океания аймағынан World Junior Tennis Competition 14&under турнирінің іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Жас теннисшілеріміз «B» тобында Жапония, Иран және Индонезия командаларымен күш сынасады. Іріктеу матчтары 2025 жылдың 9-14 сәуір күндері өтеді. Іріктеу қорытындысы бойынша әлем чемпионатына төрт команда қатысады.
World Junior Tennis Competition 14&under турнирінде ел намысын мына спортшылар қорғайды: Маханов Ахмади (Tennis Europe рейтингінде 9-шы), Жеткербай Хақназар (Tennis Europe рейтингінде 20-шы) және Бауыржанов Бексұлтан (Tennis Europe рейтингінде 128-ші). Команда капитаны: Аяп Сағадат.
Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу кезеңін аяқтады

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19