locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі позицияларын нығайтып келеді

Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі позицияларын нығайтып келеді
ФОТО: dzen

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілері арасындағы жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстандық спортшылардың ішінде топ-100 қатарында тұрғандардың орындары өзгеріссіз қалды: Елена Рыбакина 6-орында, ал Юлия Путинцева 29-орында.

Басқа қазақстандық теннисшілердің нәтижелері жақсарды. Жібек Құламбаева екі сатыға көтеріліп, 332-орынға жайғасты. Зарина Диас төрт позицияға көтеріліп, 385-орынға шықты. Анна Данилина мен Сандуғаш Кенжебаева алты сатыға жоғарылап, сәйкесінше 890 және 897-орындарға жетті. Аружан Сағандықова бір сатыға көтеріліп, 944-орынды иеленді. Соня Жиенбаева 633-орынды сақтап қалды.

Қазақстандық теннисшілердің ішінде ең үлкен секірісті Гозаль Айнитдинова жасады. Ол он сатыға көтеріліп, 1067-орынға тұрақтады.

Әлемдік рейтингтің көшбасшылары өзгеріссіз қалды: беларусь теннисшісі Арина Соболенко, польшалық Ига Швёнтек және америкалық Кори Гауфф алғашқы үштікті сақтап тұр.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie