Қазақстандық теннисшілер Roland Garros турниріндегі рекордтық жүлде қорының үлесіне таласады


Roland Garros-2025 турнирінің ұйымдастырушылары жарыстың жүлде қоры рекордтық €56,3 миллион болатынын жариялады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,21%-ға артық, яғни €2,87 миллионға өсім бар. Әзірге жүлде сомаларының кезеңдер бойынша қалай бөлінетіні нақтыланған жоқ.
Маусымдағы екінші «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі торында Қазақстан атынан үш теннисші өнер көрсетеді: Александр Бублик, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева.
Сондай-ақ, қосалқы тізімде тағы төрт қазақстандық бар: Александр Шевченко (4-орын), Дмитрий Попко (63), Михаил Кукушкин (69) және Тимофей Скатов (81).
Roland Garros-2025 турнирі 19 мамыр мен 8 маусым аралығында Париждің топырақты корттарында өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер Елена Рыбакинадан үлкен үміт күтеді , себебі ол өткен маусымда ширек финалға дейін жеткен еді және бүгінде әлемдік рейтингтің үздік ондығында берік орнын сақтап отыр.

Футбол
Кеше 23:21