locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US OPEN-2024 турниріндегі жорығын аяқтады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US OPEN-2024 турниріндегі жорығын аяқтады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 32-ші орын) АҚШ-тың ашық чемпионатының үшінші айналымында итальяндық Жасмин Паолиниге (5-ші орын) есе жіберіп, турнирден шығып қалды. Путинцева Паолиниге екі сетте 3:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Юлия US Open-2024 турнирінде чехиялық Линда Носковадан (25-ші орын) 7:6, 6:4 есебімен, сондай-ақ қытайлық Ван Синьюйден (40-шы орын) 6:1, 7:6 есебімен басым түскен еді.

Сонымен қатар, АҚШ-тың Ашық чемпионаты алдында Цинциннати (АҚШ) турнирінде Путинцева өткен жылғы чемпион, америкалық Кори Гауффты (2-ші орын) 6:4, 2:6, 6:4 есебімен жеңіп, сенсация жасаған болатын. Алайда, осы жеңістен кейін Юлия испандық Паула Бадосаға (29-шы орын) 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.