locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстандық теннисші Попко Загребтегі челленджер турнирінің келесі кезеңіне шықты

Теннис 12 мам 2025 16:18
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Қазақстандық теннисші Попко Загребтегі челленджер турнирінің келесі кезеңіне шықты
ФОТО: ФТК

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан челленджер санатындағы теннис турнирінде қазақстандық спортшы Дмитрий Попко келесі кезеңге жолдама алды.

Попко алғашқы айналымда хорватиялық Матей Додигпен кездесіп, екі сетте де 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Челленджер. Загреб (Хорватия). 1/16 финал
Матей Додиг (Хорватия) – Дмитрий Попко (Қазақстан) – 0:2 (4:6, 4:6)

Бұл теннисшілер бұған дейін екі рет кездескен болатын. Осы жолғы жеңістен кейін жеке кездесулер есебі Попконың пайдасына 2:1 болып өзгерді.

Келесі кезеңге шығу үшін Попко Босния және Герцеговина өкілі Нермин Фатич пен хорватиялық Лука Поличак арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie