Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирдің ширек финалына шықты
24 қыркүйекте Мадридтегі әйелдер турнирінің жұптық санатында қазақстандық Соня Жиенбаева франциялық Алис Регермен бірге ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық-франциялық жұп үшінші нөмірлі жоғарғы рейтинге ие болып, алғашқы кездесуінде португалиялық Андреа Бланко да Силва мен испандық Надя Хименеске қарсы ойнауы тиіс еді. Алайда қарсыластары матчқа дейін бас тартып, Жиенбаева мен оның серіктесі автоматты түрде ширек финалға өтті.
Ширек финалда олар 26 қыркүйекте швед Фанни Норин мен испандық Нароа Аранзабаль жұбына қарсы ойнайды. Бұдан бөлек, Жиенбаева осы турнирде жекелей сында бақ сынайды.
Мадридтегі жекелей сында WTA рейтингінде 781-орында тұрған Жиенбаева алғашқы кездесуін WTA рейтингінде 818-орын алатын испандық Селия Сервино Руиспен өткізеді. Бұл қарсыластар бұрын ешқашан кездеспеген, ал олардың алғашқы бетпе-бет кездесуі 25 қыркүйекте Астана уақытымен шамамен 13:00-де басталады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52