Қазақстандық теннисші Мадридтегі ITF турнирінің финалына сенсациялық түрде шықты
Қазақстандық теннисші Саня Жиенбаева (781 WTA) Мадридте өткен ITF w15 турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Sport Plus Qazaqstan хабарлады.
Жиенбаеваның қарсыласы Швейцариядан келген Дженни Дерст (419 WTA) болды. Жекпе-жек 18 жастағы қазақстандық теннисшінің екі сеттегі сенсациялық жеңісімен аяқталды(7:6 (7:5), 6:2).
Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы раундта Соня турнирде егілген үшінші американдық Эми Джуды (532 WTA) жеңді. Бұл жекпе жек қазақстандық теннисшінің екі сеттегі жеңісімен аяқталды(7:6 (7:0), 6:4).
Турнир финалында Жиенбаева Эллис Гиланмен (Ұлыбритания) – Альба Рей Гарсиямен (Испания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
ITF W15 Мадрид
Хард
Жартылай финал
Соня Жиенбаева – Дженни Дерст – 2:0 (7:6 (7:5), 6:2).
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52