Қазақстандық теннисші Ломакин Египеттегі турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF сериясындағы хард-кортта жұптық санатта турнирде алғашқы кездесуін өткізді.
Қазақстандық спортшы ресейлік Никита Ланинмен жұптасып, кувейттік Хуссейн Альшати мен Якуб Мохаммед жұбына қарсы ойнап, 2:0 (6:1, 7:6) есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.
25 жастағы қазақстандық спортшы қазіргі уақытта жұптық санат бойынша әлемдік рейтингте 298-ші орында тұр. Жақында ғана ол Тунистің Монастир қаласында өткен турнирде ресейлік Егор Агафоновпен жұптасып, финалға дейін жеткен болатын.
Сонымен қатар, қазақстандық теннисші қыз Мадридте өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52