locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық теннисші ITF турнирінің жартылай финалына шықты

Теннис 13 қыр 2024 01:40
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Қазақстандық теннисші ITF турнирінің жартылай финалына шықты

WTA рейтингінің 384-ші ракеткасы Жібек Құламбаева Үндістан өкілі Сахаджа Ямалапаллимен (WTA рейтингінің 302-ші ракеткасы) жұптаып Доминикан Республикасындағы ITF турнирінің жартылай финалына шықты

1/4 финалда Жібек-Сахаджа дуэті Марианна Барраза (Колумбия) - Фернандо Масиас (Мексика) жұбын екі сетте 6:1, 6:1 есебімен жеңді.

ITF, ¼ финал

Жұптық сын

Жібек Құламбаева ( Қазақстан) & Сахая Ямалапалли (Үндістан) - Марианна Барраза ( Колумбия) & Фернандо Масиас (Мексика)

Есеп: 6:1, 6:1

Жартылай финалда қазақ-үнді жұбы Мария Гонсалес (Колумбия) - Франческо Пейс (Италия) жұбымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, 24 жастағы қазақстандық теннисші жекелей сында да өнер көрсетуде, ширек финалға шықты. 13 қыркүйекте Құламбаева WTA-ның 520-шы ракеткасы Александра Векичпен (Германия) кездеседі.