locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан құрамасының капитаны Щукин БДКК-дағы Оңтүстік Кореяны жеңгей матчқа пікір білдірді

Қазақстан құрамасының капитаны Щукин БДКК-дағы Оңтүстік Кореяны жеңгей матчқа пікір білдірді
Фото: КТФ

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юрий Щукин Билли Джин Кинг Кубогының плей-офф аясында Оңтүстік Корея командасымен шәкірттердің жеңісті кездесуін қорытындылады.

"Біз Корея құрамасын үйде жеңгенімізге және барлық қыздардың ойнағанына өте қуаныштымыз. Зарина [Дияс] ұзақ үзілістен кейін керемет матч өткізді. Менің ойымша, ол оған сенімділік береді. Жұптық матчта жеңілгеніне қарамастан, команда керемет ойнады және оң нәтижеге қол жеткізді.

Осы екі күннің ішінде Beeline Arena теннис орталығын толтырған жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Біз адамдардың қарап, қолдап, уайымдап жатқанын көрдік. Әрине, біздің қыздарымыздың қазақстандық жанкүйерлерге көптеген жағымды эмоциялар әкелгені өте жақсы",-деп жазады Щукиннің сөзін Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасын 3:1 есебімен жеңді. Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс, Елена Рыбакина және Юлия Путинцеваның жеңістері есебінен жетістікке жетті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie