locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогында ОАР жастарын ойсырата жеңді

Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогында ОАР жастарын ойсырата жеңді
ФОТО: KTF

Анталияда Megasaray Tennis Academy ашық топырақ корттарында жасөспірімдер арасындағы “Дэвис кубогының” финалдық кезеңі басталды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы “В” тобына түсіп, қарсыластары ретінде Франция, Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) және Гонконг командаларын алды.

Алғашқы кездесуде капитан Сергей Квактың жетекшілігіндегі қазақстандық құрама ОАР командасын 3:0 есебімен айқын жеңді. Күнді бірінші болып Дамир Жалғасбай (#198 ITF Juniors) ашты, оның қарсыласы Джон Ботма (#219 ITF Juniors) болды. Дамир бірінші сетте қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші сет тай-брейкке ұласып, бұл жерде де қазақстандық ойыншы шеберлігін көрсетіп, 7:6 (7:5) есебімен жеңісті өз пайдасына шешті.

Келесі кортқа шыққан Заңғар Нұрланұлы (#77 ITF Juniors) мен Коннор Дойг (#135 ITF Juniors) кездесуінде де қазақстандық теннисші басымдық танытты. Заңғар екі сетте де қарсыласын 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Жұптық ойында Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков Джон Ботма мен Джейден Саммерс жұбын небары 45 минутта 6:1, 6:1 есебімен жеңіп шықты.

12 қарашада, Қазақстан құрамасы Гонконгпен күш сынасады. Қазіргі таңда “В” тобында Қазақстан мен Франция құрамалары көш бастап келеді, Франция да Гонконгты 3:0 есебімен жеңді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie